Балабақша туралы мәлімет Мұнайлы аудандық білім бөлімінің «№9 Бәйтерек» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (әрі қарай - Кәсіпорны) жедел басқару құқығындағы мем лекеттік кәсіпорынның ұйымыдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады. Кәсіпорны Мұнайлы аудандық әкімдігінің «02» 02 2015 жылғы №_24-қ қаулысына сәйкес құрылды. Кәсіпорынның құрылтайшысы Мұнайлы ауданының әкімдігі болып табылады. Кәсіорыннның мүлкіне қатысты субъектінің құқығын мемлекеттік коммуналдық меншік құқығын Мұнайлы аудынының әкімдігі (бұдан әрі-жергілікті атқарушы орган) жүзеге асырады. Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган Мұнайлы аудандық білім бөлім болып табылады. Көсіпорынның атауы: Мұнайлы аудандық білім бөлімінің «№9 Бәйтерек» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны. Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, индекс 130006, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау селосы, Маңғыстау -5 тұрғын үй массиві.
Елбасымыздың «Балапан» бағдарламасы аясында 2015 жылы сәуірдің 10-жұлдызы күні берекелі Мұнайлы ауданы Маңғыстау-5 елді мекенінде 280 орындық «Бәйтерек» балабақшасы бой көтерді. Мектепке дейінгі мекемеде бүлдіршіндер үшін барлық жағдай жасалған. Балабақша 12 топтан құралған. Ән-саз залы, бейнелеу кабинеті, дене тәрбиесі залы, өзін-өзі тану кабинеті, психолог кабинеттері толықтай жабдықталып балаларға барлық мүмкіндіктер жасалған. Балабақшада өлке тану бұрышы, табиғат бұрышы жасақталған. Бүлдіршіндерге ағылшын тілі, орыс тілі үйретіледі.