Мұнайлы аудандық білім бөлімінің балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

<- ЖАҢАЛЫҚТАР

Хабарландыру !!!

Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің № 9 "Бәйтерек бөбекжайы" жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ҚР Білім және ғылым министрінің 21.02.2020 жылғы №57 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде педагогтердің бос лауазымына конкурс жариялайды:

1. Қазақ тілі - 1,5 штат

2.Дефектолог - 1 штат

3. Логопед маман 1 штат

4. Бейінді оқыту жөнінде педагог - 1 штат. 

ЛАУАЗЫМҒА ОРНАЛАСУ ҮШІН ҚОЙЫЛАТЫН БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАР: жоғарғы білімді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1. №57 бұйрық 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2. Жеке басты куәландыратын құжат көшірмесі;

3. Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы, ¾ фотосымен;

4. Білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі, қосымшасымен;

5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 30.10.2020 жылғы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8. Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9.Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлік тестілеу сертификатымен;

11. Бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпараттар;

12. №57 бұйрық 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған Бағалау парағы.

Осы құжаттардың біреуінің болмауы үміткерге құжаттарды кері қайтаруға негіз болады.

Құжаттар 7 жұмыс күні ішінде қабылданады.

Мекенжай: Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Бесшоқы тұрғын алабы15/5.

.
Бөбекжай мекенжайы

  • +7 7292 30-98-01

  • baiterek_detsad@mail.ru

  • http://baiterek-9.kz
Әлеуметтік желілер
Топ құжаттары 2020-2021 оқу жылы